YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Қазақстан боксында тағы бір допинг дауы: Дулат Бекбауов антидопинг ережесін бұзғаны үшін екі жылға дисквалицияланды

2023 жылғы Әлем чемпионатының финалисі Дулат Бекбауов антидопинг ережесін бұзғаны үшін екі жылға дисквалицияланды. Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің құрамындағы Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) хабарлады.

Хабарламаға сәйкес, Бекбауов жыл ішінде үш рет өз орнын допинг-офицерлерге хабарламаған. Бұл әрекет допинг-тесттен қашу және антидопинг ережесін бұзу ретінде бағаланды.

Дисквалификация 2025 жылғы 18 қарашадан басталып, 2027 жылғы 17 қарашада аяқталады. Биылғы нәтижелері жойылды, бірақ Бекбауов ірі турнирлерде өнер көрсеткен жоқ.

Ескерту: дисквалификация тек әуесқой боксқа қатысты. Ал биыл шілде айында ол кәсіби боксқа дебют жасады.

Бұған дейін ITA ресейлік Имам Хатаев пен өзбек Лазизбек Мулложоновы да дисквалификациялаған болатын, алайда бұл шешім олардың кәсіби карьерасына әсер етпеді.

Ұқсас мақалалар

Жоао Пауло «Қайратпен» келісімшартын ұзартты

Redaktor Yersport

Шарль де Кетеларе: Қазақстан қорғанысын бұзу бастапқыда оңай болған жоқ

Александр Бублик: мансабымды аяқтауға жақын болдым