Алматылық «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының осы маусымындағы соңғы өз алаңындағы кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.
Осыған байланысты алдағы кездесу жанкүйерлер үшін ерекше маңызға ие. 20 қаңтар күні «Қайрат» пен Бельгияның атақты «Брюгге» клубы Қазақстанның басты стадионы – «Астана-Аренада» кездеседі. Матч сағат 20:30-да басталады.
Еуропалық тәжірибесі мол қарсыласқа қарсы ойында қазақстандық клубтың мүмкіндігі мен деңгейі сынға түседі. Бұл кездесу «Қайрат» үшін де, отандық футбол үшін де маңызды болмақ.
Ойынның тікелей трансляциясы Qazaqstan ұлттық арнасында көрсетіледі. Ал матчты стадионнан тамашалағысы келетін жанкүйерлер билеттерді Qairat SuperApp мобильді қосымшасы арқылы онлайн сатып ала алады.
«Қайрат» — «Брюгге» кездесуі жайлы мәлімет:
Ойын өтетін күні: 20 қаңтар
Басталу уақыты: 20:30
Өтетін орны: Астана қаласы, «Астана-Арена»
Трансляция: Qazaqstan ұлттық арнасы
Билеттер: Qairat SuperApp мобильді қосымшасында
Қазақстандық жанкүйерлерді «Қайратты» Чемпиондар лигасындағы соңғы үй матчында қолдауға шақырамыз!
