Футболшы Федор Смолов, «Амкал» клубының президенті Герман Эль Класико және 2Drots клубының президенті Жека спортшылардың танымалдығы мансаптан кейінгі өмірге қалай әсер ететіні туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.
Герман Эль Класико футболға кәсіпкерлік көзқараспен қараудың маңызын атап өтті:
«Егер футболды бизнес тұрғысынан қарасаң, Леброн Джеймс, Майкл Джордан, Дэвид Бэкхэм сияқты жұлдыздар спорттан гөрі жарнама арқылы көбірек табыс табатынын түсінесің. Себебі олар өз брендін орасан зор деңгейге көтере алды. Әр спортшы өзін брендке айналдыра алады», — деді ол.
Оның айтуынша, футболшы үшін есте қалу мен танымал болу міндетті түрде жағымсыз әрекеттермен байланысты болмауы тиіс.
«Гол соққаннан кейін немесе матчтың үздігі атанғанда бір есте қаларлық сөз айтсаң жеткілікті. Сол сөзді кейін бәрі талқылайды, телекомментаторлар да назар аударады. Содан кейін әрдайым сенен сұхбат алуға келеді», — деп қосты Герман.
Жека мұндай танымалдылықтың мансаптан кейінгі қосымша мүмкіндік екенін атап өтті:
«Бұл — карьера аяқталғаннан кейінгі қосымша жол. Қазір айналысып жүрген ісің өзіңе ұнайды ғой?» — деді ол.
Ал Федор Смолов өзінің жағдайында бұл жол футболдағы мансабымен қатар жүргенін айтты:
«Менде бұл бағыт мансаппен қатар дамыды. Үшінші тарап демеушілері тартылды. Есте қалу мен танымалдық демеушілерді қызықтырады. Мысалы, қандай да бір Gillette секілді бренд, ешкімді ренжітпейін, айтайын, Володя Гранатқа келмес еді. Ол «Динамоның» капитаны, ұлттық құраманың ойыншысы болды, бірақ танымалдық факторы маңызды», — деді Смолов.
