YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарҚазақстан Премьер-ЛигасыТрансферФутбол

Еуропалық тәжірибелі қақпашы ҚПЛ-ға қайта оралудан бас тартты

Сейчас Черник

37 жастағы беларусьтік қақпашы Сергей Черник Қазақстан футбол чемпионатына қайта оралғысы келмейтінін айтты, деп хабарлайды Yersport.kz Betnews.by сайтына сілтеме жасап.

— Мен бір кездері Қазақстанға барып көрдім. Ол тәжірибе аса сәтті болмады: әуелі чемпионат ковидке байланысты тоқтатылды, кейін клуб («Ертіс». — ред.) мүлде банкротқа ұшырап, жарыстан шығып қалды. Оның үстіне бес жыл бойы Минск — Слуцк — Солигорск бағытында қатынап, жолды жаттап алдым. Шаршадым, сондықтан қиыр жаққа баруға аса ықылас жоқ, — деді Черник.

Еске салайық, Сергей Черник 2020 жылғы маусымды «Ертіс» сапында бастаған. Алайда павлодарлық клуб қаржылық қиындықтарға байланысты мамыр айының соңында Қазақстан Премьер-лигасынан шығып қалған еді.

Ұқсас мақалалар

Ферреро Алькараспен жұмысты тоқтатуы туралы: «Қазір жүрегім ауырып тұр, бірақ есікті жаппаймын»

UFC Асу Алмабаев пен Шавкат Рахмоновты допингке тексерді

Конор — Джошуа мен Полдың жекпе-жегі туралы: «Алғашқы 60 секундта нокаут. Джейк енді бұрынғыдай болмайды»