YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
АПЛБасты ақпаратЖаңалықтарФутбол

«Челси» жаңа бас бапкерін ресми түрде таныстырды

Лиам Росеньор

Лондондық «Челси» клубы бірінші команданың бас бапкері қызметіне Лиам Росеньордың тағайындалғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Yersport.kz сайты. 41 жастағы маманмен келісімшарт 2032 жылдың жазына дейін жасалды.

Росеньор бұған дейін Англияның үшінші және екінші дивизиондарында өнер көрсететін «Дерби» мен «Халл» клубтарын жаттықтырған. 2024 жылдан бері ол Францияның «Страсбург» командасының бас бапкері болды. Айта кетейік, бұл клуб «Челсимен» ортақ иелерге тиесілі болғандықтан, лондондықтардың фарм-клубы саналады.

Ағымдағы маусымда «Страсбург» Конференциялар лигасының топтық кезеңінде жеңіске жетіп, Франция чемпионатында жетінші орында келеді.

Еске салайық, бұған дейін «Челси» бас бапкер қызметінен Энцо Маресканы босатқан еді.

Ұқсас мақалалар

ФИФА мен Netflix ӘЧ-2026 турниріне орай жаңа футбол симуляторын ойластыруда

Флик: «Алғашқы 80 минутқа разы емеспін»

«Ливерпуль» Чемпиондар Лигасының 1/8 финалына жолдама алды