YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарЛига 1Футбол

Бразилиялық ойыншы ұшақтан өлердей қорқады

Фабьен Сантонз

Франциялық «Нант» клубының қорғаушысы Фабьен Сантонз аэрофобия ауруымен шалдығады, деп хабарлайды Yersport.kz сайты. Ол үшін әр сырттағы ойын тозаққа түскендей әсер қалдырады.

Сантонз ойынға 1 апта қалғанда ойын күнгі ауа-райын тексереді-мыс. Егер, жел немесе жаңбыр күтілетін болса, ол сол кезден бастап қобалжып, ұшаққа отырудан бас тартады. Бразилиялық қорғаушы үшін әуеде 1 сағат ұшқаннан қарағанда 7 сағат автобуста барған қолайлы.

Фабьен аэрофобиямен күресудің түрлі амалдарын қолданды, әсіресе ұшу жағдайларын модельдейтін тренажерді қолданғанымен, аталмыш заттың өзі әуедегі қорқынышын жеңуге көмектесе алмапты.

Бұл футболшылар арасында сирек кездесетін фобия болғандықтан, Фабьен үшін психикалық ауыртпашылық әкелуі әбден мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Конор — Джошуа мен Полдың жекпе-жегі туралы: «Алғашқы 60 секундта нокаут. Джейк енді бұрынғыдай болмайды»

Лапорта «Реал» туралы: «Барса» мәңгілік қарсыласын терең құрметтейді, бірақ кейбір мәселелер қарым-қатынасты алыстатты. Қазір байланыс үзілген жағдай қалыптасты»

ҚПЛ клубы Еуропа чемпионатының жеңімпазын қатарға қосты