YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарЛа ЛигаФутбол

«Барселона» Жоау Канселуды қайтарады — Фабрицио Романо

Жоау Канселу

Каталониялық «Барселона» «Аль-Хиляль» клубының қорғаушысы Жоау Канселуды қайта алу жөнінде келісімге келді. Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо X әлеуметтік желісінде хабарлады.

Мәліметке сәйкес, португалиялық футболшы 2025/26 маусымының соңына дейін жалға алынады. Жалға алу құны — €4 млн. Канселуға «Интер» де қызығушылық танытқанымен, ойыншының өзі «Барселонаны» таңдаған.

Бұған дейін италиялық клуб Канселумен келісімге жақын болған, алайда футболшы келіссөздерді тоқтатқан.

31 жастағы Жоау Канселу «Аль-Хиляльде» 2024 жылдың жазынан бері ойнап келеді. Осы маусымда ол барлық турнирде алты матч өткізіп, бір гол соғып, екі нәтижелі пас берген. Қорғаушының клубпен келісімшарты 2027 жылдың маусымына дейін жарамды. Transfermarkt дерегінше, ойыншының нарықтық құны — €10 млн.
Айта кетейік, Канселу бұған дейін «Интер» мен «Барселона» сапында да өнер көрсеткен.

Ұқсас мақалалар

«Арсенал» «Миланның» 19 жастағы талантына қызығушылық танытты

Брюссель төрінде кім қазылық етеді? Бельгия — Қазақстан матчының төрешілері тағайындалды

Жоао Пауло «Қайратпен» келісімшартын ұзартты

Redaktor Yersport