Еуропа аренасына үмітпен қадам басқан «Астана» биылғы маусымда өз жанкүйерлерін қуанта алмады. Алғашқы ойында Швейцарияда «Лозаннаға» 1:3 есебімен жол берген елордалықтар, өз алаңында да кек қайтара алмады — 0:2. Екі кездесудің қорытындысы бойынша қазақстандық клуб турнирмен қоштасты.
Дегенмен, бұл сапар тек спорттық нәтиже тұрғысынан ғана емес, қаржылық тұрғыдан да есептеледі. Биылғы еуромаусымда «Астана» 900 мың еуро (шамамен 566,6 млн теңге) табыс тапты.
Бұл — сапар шығындарын жабуға, клубтың ішкі инфрақұрылымын қолдауға жететін сома. Ал маусым ресми түрде аяқталған соң, теледидарлық және маркетингтік құқықтардан түсетін қосымша қаражат бұл табысты толықтыра түспек.