YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
АПЛБасты ақпаратЖаңалықтарФутбол

«Арсенал» – «Астон Вилла» матчында төрешілік дауы

Арсенал - Астон Вилла

«Арсеналдың» жартылай қорғаушысы Микель Мерино АПЛ-дің 19-туры аясында «Астон Виллаға» қарсы өткен матчта алаңнан қуылудан аман қалды.

Қосылған бірінші тайм уақытында 29 жастағы испаниялық хавбек Амаду Онанаға қарсы дөрекі ойнағаны үшін сары қағаз алған болатын. Айта кетейік, Онана үзілістен кейін алаңға қайта шықпады.

Арсенал - Астон Вилла
Арсенал — Астон Вилла матчынан Bein Sports1 
Арсенал - Астон Вилла
Арсенал — Астон Вилла матчынан Bein Sports1 

Алайда 58-минутта Мерино өзінен қашып бара жатқан Морган Роджерстің қолынан ұстап, оны газонға құлатты. Соған қарамастан, матч төрешісі Даррен Инглэнд Микель Мериноға екінші сары қағаз көрсетпей, оны алаңда қалдырды.

Ұқсас мақалалар

Мартинелли Брэдлиден кешірім сұрады

Дэвис Кубогының жартылай финалына шыққан командалар белгілі болды

Redaktor Yersport

Ағылшын кубогының 4-раунд ойындары жалғасуда