Елордалық «Жеңіс» футбол клубы қазақстандық маман Али Алиевтің команданың бас бапкері болып тағайындалғанын ресми түрде жариялады. Бұл туралы Yersport.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
— Қош келдіңіз, Әли Ханәлиұлы!
Елордалық «Жеңіс» футбол клубын тәжірибелі маман Али Алиев басқарды! — деп жазды астаналық клуб Instagram-парақшасында.
Айта кетейік, Әли Әлиев бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарған. Алайда 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында қыркүйек айында Бельгия құрамасынан 0:6 есебімен жеңілгеннен кейін ол өз еркімен қызметінен кеткен еді.
Сол уақыттан бері бүгінге дейін Әли Әлиев ұлттық құраманың уақытша бас бапкері Талғат Байсуфиновтың ассистенті қызметін атқарып келді.
