YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарКХЛХоккей

«Адмиралдың» бас бапкері «Барыспен» өткен матчтағы арандатулар туралы айтты

Олег Браташ

«Адмирал» командасының бас бапкері Олег Браташ КХЛ тұрақты чемпионатындағы «Барысты» 5:2 есебімен жеңген матчтан кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Yersport.kz.

«Барыс» өз алаңында КХЛ-дегі соңғы орында тұрған командадан 2:5 есебімен жеңілді.

— Команда үшін ұйықтау, тамақтану, сосын тағы да демалу маңызды екенін білеміз. Бүгін «Адмирал» дер кезінде оянды деуге бола ма? Өйткені сіздер бесінші минутқа дейін есеп ашып, матчтың соңына дейін ойынды бақылауда ұстадыңыздар.
— Бүгін бәрі кесте бойынша өтті. Ұйықтадық, тамақтандық, жаттықтық… Демек, дұрыс дайындалдық, өйткені жеңіске жеттік (күледі).

— Шынын айтыңызшы, Қиыр Шығыстан өздеріңізбен бірге бір-екі «пауэрбанк», батарейка алып келдіңіздер ме? Жігіттеріңіз тың ойнады, Қиыр Шығыстан ұшып келгендерге ұқсамады.
— Бұл біз үшін сырт алаңдағы үшінші ойын еді. Жігіттердің айтуынша, алғашқы екі матчта қиын болды, ал үшінші ойында, сірә, акклиматизация жүре бастаған сияқты. Қазір олардың физикалық тұрғыда өзін әлдеқайда жақсы сезініп жүргенін көріп отырмын. Мұны алдын ала дәл есептеу қиын, сондықтан біз үнемі сөйлесеміз, әріптестерден де, ойыншылардан да ақпарат жинаймын — кім өзін қалай сезінеді, қалай дайындалу керек. Географиялық ерекшеліктің әсері өте үлкен.

— Бүгін мұз айдынында бұрын «Барыс» сапында ойнаған Аркадий Шестаков болды. Егер құпия болмаса, сіздер онымен қандай да бір қосымша тапсырмаларды талқыладыңыздар ма? Өйткені матчтың соңында ол айқын көшбасшылық танытып, бетпе-бет айқастарда серіктестеріне бағыт-бағдар беріп, қарсыластарды айыппұлға итермелеп, біздің ойыншыларды арандатқандай көрінді. Бұл оның өз бастамасы ма, әлде сіз бапкер ретінде «Аркаша, давай!» дедіңіз бе?
— Бетпе-бет айқастарға келсек, орталық шабуылшының міндеті — командаластарын орналастырып, бәрін бағыттау. Бұл — қалыпты жағдай. Ал Аркаша арандатушы дегенге келіспеймін. Ол мүлде арандатушы емес, еңбекқор ойыншы. Барлық матчта мұз айдынында адал еңбек етеді. Ерекше бір тапсырма болған жоқ.

Ұқсас мақалалар

Рыбакина Цинциннатиде тағы да жарқырады

Redaktor Yersport

Президент кубогы: Елордалық «Барыс» командасы «Амурдан» басым түсті

admin_yersport

МИХАИЛ ШАЙДОРОВ ГРАН-ПРИ ФИНАЛЫНДА ҚЫСҚА БАҒДАРЛАМАНЫ АЯҚТАДЫ

Redaktor Yersport