Испаниялық теннисші Рафаэль Надаль үлкен теннистегі мансабын 38 жасында аяқтады. Ол өзінің соңғы ойынын Дэвис Кубогының 1/4 финалдық ойыны аясында Нидерланд құрамасының өкілі Ботик Ван де Зандшульпке қарсы өткізіп, 4:6, 4:6 есебімен жеңіліс тапты. Ойын нәтижесінде Испания құрамасы 1:2 есебімен жеңіліп, Дэвис Кубогының жартылай финалына шыға алмады.
Рафаэль Надаль Үлкен Дулыға турнирлерінің 22 дүркін жеңімпазы. 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында жекелей сында, 2016 жылы Рио Олимпиадасында жұптық сында жеңімпаз атанды.
Сонымен қатар Надаль Дэвис Кубогында төрт мәрте жеңіске жеткен (2004, 2009, 2011, 2019).