YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
КХЛХоккей

«Трактордың» қорғаушысы Дронов маусымда екінші рет 20 минуттық айыппұл алды

Григорий Дронов

«Трактор» клубының қорғаушысы Григорий Дронов осы маусымда екінші рет 20 минуттық айыппұлмен жазаланды, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

Хоккейші FONBET КХЛ чемпионаты аясында өткен «Барысқа» қарсы матчтың (2:0) аяқталуына аз қалғанда спорттық емес мінез-құлқы үшін жаза алды.

Бұған дейін, қазан айында Дронов «Автомобилистке» қарсы ойында төрешіні итеріп жібергені үшін осындай айыппұл алған болатын. Сол кезде ол матчтың соңына дейін алаңнан қуылып, кейіннен бес ойынға дисквалификацияланған еді.

Ұқсас мақалалар

Чехия құрамасы Олимпиада ойындарына қатысатын хоккейшілер тізімін жариялады

Азия Чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы

«Барыс» СКА-ға қарсы КХЛ-дегі үй матчына анонс ұсынды