YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ФутболХоккей

«Қайратты» үлкен сынақ күтін тұр

Футболдан Қазақстанның мақтанышы алматылық «Қайрат» биылғы маусымда Еуропа төрінде үлкен сынақтан өтпек. Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде команданы сегіз маңызды кездесу күтіп тұр. Оның төртеуі өз алаңында жанкүйер алдында өтсе, қалған төртеуінде «сары-қараларға» қарсыластың жерінде тер төгуге тура келеді.

Бір қарағанда — бұл әдеттегі спорттық кесте секілді. Алайда сырт алаңдағы сапардың ауыртпалығы бөлек. Алдағы айларда «Қайрат» ойыншылары Еуропаның әр қиырына барып-қайту үшін шамамен 45 мың шақырымды артқа тастайды. Бұл — футболшылар үшін тек физикалық емес, психологиялық төзімділікті де талап ететін үлкен жүк.

Жол-жорықтағы қарсыластардың аты да айбарлы. «Қайрат» алдымен футзал әлемінде өзіндік тарихы бар «Интермен», одан кейін ағылшындардың жаңа серпін алған «Арсеналымен», дәстүрлі фаворит саналатын португалиялық «Спортингпен», соңында скандинавиялық қайсарлықты бойына сіңірген «Копенгагенмен» күш сынасады.

Алдағы кездесулер тек спорттық нәтиже үшін ғана емес, қазақстандық футзалдың абыройы үшін де маңызды. Үш онжылдық бойы талай белесті еңсерген «Қайрат» бұл жолы да намысты қолдан бермеуге бекінген.

Ұқсас мақалалар

Азия Чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы

Джуниор Кабананга спорттық мансабын аяқтады

«ПСЖ» мен Франция арасындағы дау: париждіктер енді ұлттық құрамаға ойыншысын жібермеуі мүмкін

Redaktor Yersport