YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
АПЛБасты ақпаратФутбол

Александер Исак – АПЛ маусымындағы басты трансферлік сәтсіздік. (Goal)

АПЛ

Goal порталы Англия Премьер-лигасының биылғы маусымындағы ең сәтсіз трансферлердің рейтингін жариялады. Тізімнің бірінші орнына «Ливерпуль» шабуылшысы Александер Исак жайғасты, деп хабарлайды Yersport.kz.

25 жастағы форвард АПЛ-дің қазіргі маусымында небәрі 10 матчқа қатысып, бар болғаны 2 гол соққан. 125 миллион фунтқа бағаланған трансфер үшін бұл нәтиже өте төмен деп бағаланды.

Толық рейтинг төмендегідей:

11. Рандаль Коло-Муани («Тоттенхэм») — ПСЖ-дан жалға алынды

10. Джейми Гиттенс («Челси») — 52 млн фунт

9. Тьерно Барри («Эвертон») — 28 млн фунт

8. Джейдон Санчо («Астон Вилла») — «МЮ»-дан жалға алынды

7. Милош Керкез («Ливерпуль») — 40 млн фунт

6. Виктор Дьокереш («Арсенал») — 55 млн фунт

5. Беньямин Шешко («Манчестер Юнайтед») — 74 млн фунт

4. Энтони Эланга («Ньюкасл») — 55 млн фунт

3. Арно Калимуэндо («Ноттингем Форест») — 26 млн фунт

2. Харви Эллиотт («Астон Вилла») — «Ливерпульден» жалға берілді

1. Александер Исак («Ливерпуль») — 125 млн фунт

Goal сарапшылары бұл рейтингті ойыншылардың бағасы, күтілген деңгейі және нақты көрсеткен нәтижелерін салыстыра отырып жасаған.

Ұқсас мақалалар

UFC-де Ислам Махачевтің Шавкат Рахмоновпен жекпе-жегіне қатысты үкім айтылды

Redaktor Yersport

Украиналық футболшы ҚПЛ клубына ауысуы мүмкін. Ол Испанияда ойнауға жақын болған

Бокстан Азия Чемпионатына қатысатын құрам анықталды