YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратДзюдо

Астанада пара дзюдодан Gran prix турнирі өтеді

22-23 қараша күндері Қазақстан астанасындағы «Beeline Arena» спорт кешенінде пара дзюдодан әлемдік Гран-При жарысы өтеді

15 мемлекеттен келген спортшылар 10 салмақ дәрежесінде сынға түседі. Қазақстанның атынан үш пара дзюдошы J1 санатында қатысады. Олар: Аслан Нұрдәлетов (73 келі), Бауыржан Арпыстанбеков және Ерболат Бекентаев (екеуі де 90 келі)
Турнирде жаңа салмақ дәрежелері бойынша ерлер 70, 81 95 және +95 келіде, әйелдер 52,60,70 және +70 салмақ дәрежелерінде сынға түседі.

Сонымен қатар Халықаралық Дзюдо Федерациясының шешімімен (IJF) тәжірбие ретінде Олимпиада ойындарына енбейтін екі салмақ дәрежесінде (ерлер — 64 келі, әйелдер — 46 келі) жүлделер сарапқа салынады.

Айта кетейік, Парижде өткен паралимпиада ойындарында еліміздің пара дзюошылары 1 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлде еншілеген еді.

Ұқсас мақалалар

Чемпиондар лигасының финалындағы төреші — «Интер» үшін жақсы белгі

Жоао Пауло «Қайратпен» келісімшартын ұзартты

Redaktor Yersport

Шавкат Рахмонов Иэн Гэрримен көз түйістіру рәсімін өткізді

Redaktor Yersport