YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарЛа ЛигаЧемпиондар Лигасы

Жоан Лапорта УЕФА-ға ресми шағым түсірмек

«Барселона» президенті Жоан Лапорта ЧЛ ширек финалындағы төрешілікке байланысты УЕФА-ға ресми шағым түсіретінін мәлімдеді.

Клуб басшысы төрешілердің шешімдеріне қатаң наразылық білдірді:

Біз ресми шағым түсіреміз, себебі кешегі төрешілік — масқара! Мұндай жағдай бірінші матчта да болды. Алғашқы ойында бізге анық пенальти берілмеді, ал өзіміз қызыл қағаз алдық — Кубарсидің фолы тек сары қағазға лайық еді.

Лапортаның айтуынша, қарымта матч барысында да бірқатар даулы шешімдер тіркелген:

Эрик Гарсияға көрсетілген қызыл қағаз — қате. Ольмоны айып алаңында құлату — таза пенальти. Ферранның голын есепке алу керек еді. Сонымен қатар, Фермин ауыр жарақат алды, бірақ қарсылас ойыншыға тіпті сары қағаз да берілген жоқ.

Еске сала кетейік, ЧЛ ширек финалында «Барселона» «Атлетикомен» кездесіп, екі матчта да қызыл қағаз алып, ойынның көп бөлігін 10 ойыншымен өткізуге мәжбүр болды.

Алғашқы кездесуде төрешілік еткен Иштван Ковач маусым соңына дейін қызметінен шеттетілсе, қарымта ойынды басқарған Клеман Тюрпен төрелігі де қатаң сынға ұшырады.

Ұқсас мақалалар

ҚПЛ клубы 2026 жылғы маусым бойы өз алаңында ойнай алмайды

Redaktor Yersport

Африка кубогында стадион толмаса, жанкүйерлерді матчқа тегін кіргізуде

Шерхан Қалмұрза мансабын жалғастыру бойынша күтпеген ұсыныс алды