YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратТеннистеннис

Заңғар Нұрланұлы жас ұрпаққа тәлім берді

Әлемдегі үздік жас теннисшілердің бірі, ITF Juniors рейтингісінде 10-орындағы Түркістан түлегі Заңғар Нұрланұлы Шымкенттегі ATP Challenger 50 турнирі қарсаңында туған жерінде болды.
Жарыс алдында спортшы Түркістанға барды.

Сапар барысында Заңғар жас теннисшілер үшін шеберлік сағатын өткізді: кортта балалармен жұмыс істеді, кәсіби кеңестерімен бөлісті. Сондай-ақ әрқайсысына көңіл бөліп, суретке түсті, қолтаңба қалдырып, балғын спортшылардың сауалдарына жауап берді.

Теннис орталығы жанында ағаш отырғызу сапардың ерекше сәтіне айналды, бұл спортшының спорттық инфрақұрылымды дамыту мен жас ұрпақтың болашағына қосқан бейнелік үлесі еді.

Бұдан бөлек, Заңғар Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде болып, өңірдің тарихи және рухани мұрасына құрмет көрсетті.

Сапар Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен кездесумен аяқталды, оның барысында теннисті дамыту және өңірде жас спортшыларды қолдау мәселелері талқыланды.

Мен балалармен сұхбат құрып, олардың шынайы әсері мен тенниске деген қызығушылығын көргеніме өте қуаныштымын. Түркістанда, үйде үнемі бола бермеймін, сондықтан мұндай сәттер ерекше ыстық. Бұл маған қосымша күш беріп, Шымкенттегі турнир алдында шабыт үстейді, — деп атап өтті Заңғар Нұрланұлы.

Ұқсас мақалалар

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар Лигасында тарихқа енді

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Астанада өтіп жатқан халықаралық бадминтон турнирінің 1/8 финалына шықты

Шавкат Рахмонов Иэн Гэрримен көз түйістіру рәсімін өткізді

Redaktor Yersport