YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Дзюдо

Жеңіліс арқылы жеткен жеңіс: Елдос Сметов феномені

Елдос Сметов

Елдос Сметов — Қазақстанның ең танымал дзюдошыларының бірі, ел намысын әлемдік аренада абыроймен қорғап жүрген Олимпиада чемпионы. Ол 1992 жылы 9 қыркүйекте Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Каменка ауылында дүниеге келген.

СПОРТҚА КЕЛУІ

Елдос спортқа бала кезінен қызыға бастады. Оған ең үлкен әсер еткен — ағалары Жандос пен Бақберген. Олар Елдосты ауылдағы спорт мектебіне алып барып, алғашқы қадамын жасатты.

Жаттықтырушысы Ахмет Жұмағұлов оның дарынын ерте байқаған:
«Елдос келгеннен кейін бір ай өтпей-ақ оның спортқа деген ерекше ынтасын байқадым», — дейді ол.

Алғашқы ірі жеңісін Елдос 6 жасында Алматыда өткен республикалық турнирде жеңіп алды. Кейін спорттық білімін жетілдіру үшін Алматы мен Астанадағы спорт интернаттарында оқыды. Жоғары білімді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қабырғасында алып, биология және биотехнология саласы бойынша тәмамдады.

ОЛИМПИАДАДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Елдос Сметов — Қазақстан тарихында дзюдодан Олимпиада медальдарының толық жиынтығын (алтын, күміс, қола) жеңіп алған санаулы спортшылардың бірі:

  • 2016 жыл — Рио Олимпиадасы

  • 2020 жыл — Токио Олимпиадасы

  • 2024 жыл — Париж Олимпиадасы

Париж Олимпиадасының финалында ол француз спортшысы Лука Мхеидзен жеңіп, Қазақстан тарихындағы дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды.

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ АЗИЯЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРІ

  • 2015 жыл — Әлем чемпионы (Астана)

  • 2014 жыл — Азия ойындарының чемпионы (Инчхон)

  • 2016 жыл — Азия чемпионы (Ташкент)

  • 2010 жыл — Жастар арасындағы әлем чемпионы (Марокко)

  • 2013 жыл — Азия чемпионатының қола жүлдегері (Бангкок)

  • 2011–2013 жылдар — Grand Prix және Еуропа кубогы кезеңдерінің бірнеше дүркін жүлдегері

ҚОРЫТЫНДЫ

Елдос Сметов — табандылық пен төзімділіктің символы. Оның әрбір жетістігінің артында тынымсыз еңбек пен ауыр сынақтар жатыр. Ол жеңілістерге мойымай, әрдайым алға ұмтылып, өз мақсатына жетудің жарқын үлгісін көрсетті.

Елдос — тек әлемдік деңгейдегі спортшы ғана емес, сонымен қатар жастарға бағыт-бағдар беретін үлгі тұлға.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Қазына

Ұқсас мақалалар

Дзюдо – жекпе-жек өнері және спорт түрі

Ақтөбеде дзюдодан Қазақстан Чемпионаты аяқталды

Redaktor Yersport

Шерзод Давлатов Гран-при турнирінде жеңіске жетті

Redaktor Yersport