YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарХоккей

Әлем кубогы қайта оралды: 2028 жылғы турнир қайда өтеді?

Pavlodarnews.kz.

2028 жылы хоккейден Хоккейден Әлем кубогы қайта оралады. Ұйымдастырушылар турнир матчтарын қабылдайтын қалаларды ресми түрде жариялады.

Жарыс ойындары КалгариЭдмонтон және Прага қалаларында өтеді. Солтүстік Америкадағы кездесулер Калгаридегі «Scotia Place» аренасында және Эдмонтондағы «Rogers Place» мұз айдынында ұйымдастырылады. Ал Еуропадағы матчтар Прагадағы «O2 Arena»-да өтеді.

Турнир форматына сәйкес, Калгари мен Прагада топтық кезеңнің жеті ойыны өтеді. Ал жартылай финал мен финалдық кездесулер Эдмонтонда қабылданады.

Соңғы жылдары халықаралық турнирлерге Ұлттық хоккей лигасы ойыншыларының қатысуы шектеулі болғаны белгілі. 2014 жылдан кейін лига өз хоккейшілерін Олимпиада ойындарына жіберуді тоқтатып, ал Әлем кубогының соңғы турнирі 2016 жылы өткен еді.

Осы жағдайға байланысты ҰХЛ мен ойыншылар қауымдастығы халықаралық жарыстар күнтізбесін қайта қарап, хоккейшілердің әр екі жыл сайын ірі турнирлерге қатысуына мүмкіндік беретін жаңа жүйе қалыптастырды.

Осылайша, 2028 жылғы Әлем кубогы халықаралық хоккейдің жаңа кезеңін бастап, әлемнің үздік ойыншыларын қайтадан бір мұз айдынында тоғыстырмақ.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Талғат Ясмин

Ұқсас мақалалар

Қазақстан құрамасын енді Байсуфинов басқарады

БЕЙБАРЫС ҚАБЛАН – U21 ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АЛТЫН ЖҮЛДЕГЕРІ

Redaktor Yersport

Роберт Левандовски маңызды матчтарды өткізіп алуы мүмкін – жарақаты күткеннен де ауыр болып шықты