YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарФутболЧемпиондар Лигасы

«Барселона» «Ньюкаслды» сезбей өтті

Роберт Левандовский

Барселона мен Ньюкасл: 1/8 финалдағы сенсациялық жеңіс

2026 жылғы 18 наурызда өткен кездесуде Барселона Ньюкасл Юнайтед командасын 7:2 есебімен ойсырата жеңді. Бұл матч УЕФА Чемпиондар Лигасының 1/8 финал кезеңі аясында өтті.

Бірінші тайм тартысты өтті. Екі команда да шабуылға белсенді шығып, қауіпті сәттер жиі ұйымдастырды. Есепті «Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовски ашты. Алайда көп ұзамай Ньюкасл Юнайтед ойыншысы Энтони Эланга есепті теңестірді.

Кейін каталондық клуб сапынан Рафинья гол соғып, командасын алға шығарды. Дегенмен Эланга тағы да мергендігімен көзге түсіп, дубль жасап, есепті 2:2-ге жеткізді. Тайм соңына қарай Ламин Ямаль гол соғып, бірінші тайм 3:2 есебімен аяқталды.

Екінші таймда «Барселона» толық басымдыққа ие болды. Команда қарқынын арттырып, қарсыласқа мүмкіндік қалдырмады. 52-минутта Фермин Лопес төртінші голды соқты. 56 және 61-минуттарда Роберт Левандовски хет-трик авторы атанып, есепті ірілендірді. Ал 72-минутта Рафинья дублін рәсімдеп, жетінші голды соқты.

Қалған уақытта «Барселона» шабуылды жалғастырып, ойын тізгінін толық өз қолында ұстады. Ал «Ньюкасл» қорғанысы бұл қысымға төтеп бере алмады.

Қорытынды есеп 7:2, «Барселона» сенімді жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды. Бұл ойын команданың жоғары деңгейін және шабуылдағы қуатын айқын көрсетті.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы Абу Әселім

Ұқсас мақалалар

Мартинелли Брэдлиден кешірім сұрады

Ямаль «класико» алдында инстаграмдағы профиліне «Самурай Джек» деп жазып, суретін ауыстырды және жарнамалық жазбалардан басқасының бәрін жасырды

Redaktor Yersport

Иржи Ярошик қарағандылық «Шахтердің» бапкерлік құрамына кірді