YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарҚысқы олимпиада ойындарыҚысқы спорт

ҚАЗАҚСТАНҒА АЛҒАШҚЫ АЛТЫН!

Михаил Шайдоров

Италияда өткен XXV қысқы Олимпиада ойындары аясында Қазақстан құрамасы алғашқы медаліне қол жеткізді. Отандасымыз Михаил Шайдоров ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан топ жарып, алтын медаль жеңіп алды.

Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша 5-орында тұрған Михаил еркін бағдарламада нағыз шеберлігін көрсетті. Ол бес төрттік секіру элементін сәтті орындап, қарсыластарынан басым түсіп, 291,58 ұпай жинады. Соның нәтижесінде Италия төрінде көк туымыз желбіреп, әнұранымыз шырқалды.

Күміс жүлдені жапониялық Юма Кагияма иеленсе, АҚШ спортшысы Илья Малинин бірнеше қателік жіберіп, жүлдеден тыс қалды.

Бұл — тәуелсіз Қазақстан тарихындағы қысқы Олимпиададағы санаулы алтындардың бірі әрі мәнерлеп сырғанаудан ел қоржынына түскен алғашқы алтын медаль. Бұған дейін Денис Тен 2014 жылы Сочиде қола жүлде алған еді.

Михаил өз сөзінде Денис Теннің есімін ерекше атап өтіп, оның салған сара жолын жалғастырып жатқанын айтты.

Бұл жеңіс — өшпес тарих. Ол еліміздегі спорт саласының дамуының айқын көрінісі.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы Абу Әселім

Ұқсас мақалалар

Никлас Фюллькруг «Миланға» ауысуға жақын

«Әл-Наср» қатарынан үш матчта жеңіске жете алмады

Погребняк: «ПСЖ»-де Сафонов та, Шевалье де нақты бірінші нөмір емес