YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
БоксЖаңалықтар

ЖАСТАР ЖАУЛАҒАН БАНГКОК: ҚАЗАҚСТАН БОКСЫНДА ЖАҢА ЖҰЛДЫЗДАР ЖАНДЫ

Қазақстан жастар құрамасы

Бангкок төрінде өткен World Boxing Futures Cup 2026 турнирі Қазақстан жастар құрамасының жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетті. 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бұл додада отандастарымыз тек қатысумен шектелмей, әлемнің 78 елінен келген қарсыластарын артта қалдырды.

11 МЕДАЛЬ — 11 БОЛАШАҚ ЧЕМПИОН

8–15 наурыз аралығында өткен турнирде Қазақстаннан 19 боксшы шаршы алаңға шықты. Нәтижесінде:

  • 4 алтын

  • 4 күміс

  • 3 қола

Жалпы 11 жүлде — қазақ боксының “алтын қорының” қаншалықты мықты екенін дәлелдеді.

Алтын жүлдегерлер:

  • Айдана Убайдуллақызы (80 кг)

  • Досжан Жұмақан (60 кг)

  • Хамза Мақсатұлы (75 кг)

  • Бибарыс Әшірбай (70 кг)

Күміс жүлдегерлер:

  • Камила Оспанова (70 кг)

  • Жалғас Утебеков (90 кг)

  • Тимур Тайбеков (80 кг)

  • Владислав Саможонов (+90 кг)

Қола жүлдегерлер:

  • Ақнұр Тұрсынғали (57 кг)

  • Зарина Толыбай (75 кг)

  • Нұрсұлтан Қыстаубай (85 кг)

Қазақстандық боксшылар 78 елден жиналған 500-ге жуық спортшының арасынан топ жарып, ел абыройын асқақтатты.

БАТЫРЛАРЫМЫЗДЫ ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы:
Тажигалиева Аяулым

Ұқсас мақалалар

«Қайраттың» алдағы қарсыласының маңызды ойыншысы қашан оралатыны белгілі болды

«Адмиралдың» бас бапкері «Барыспен» өткен матчтағы арандатулар туралы айтты

Redaktor Yersport

ҚПЛ-дың топ-клубының көшбасшысы жанкүйерлерімен қоштасты

Redaktor Yersport