YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратҚазақстан Премьер-ЛигасыСұхбатФутболЭксклюзив

Эдарлин Рейес Уренья: «Астана» мен «Қайрат» – ең мықты қарсыластарым болды»

Эдарлин Рейес Уренья

Семейлік «Елімай» клубында өнер көрсеткен, қазіргі таңда Арсенал Тула сапында ойнайтын Доминикан Республикасының шабуылшысы Эдарлин Рейес Уренья Yersport.kz сайтына берген эксклюзив сұхбатында Қазақстандағы мансабы, семейлік клубтан кету себебі және Ресейде доп теуіп жүрген қазақстандық футболшылардың болашағы туралы пікір білдірді.

Келісімшарт және клубтан кету себебі

– Келісімшартыңыздың мерзімі аяқталғаннан кейін сізге Премьер-лиганың басқа клубтарынан ұсыныстар болды ма?

– Маған келісімшартты ұзарту туралы ұсыныс жасалды. Алайда оның қаржылық шарттарын жақсартуға ниет білдірмеді. Сондықтан басқа нұсқаларды қарастыруға тура келді.


Ең мықты қарсыластар

– Қарсы ойнаған ең мықты клубтар қайсы?

– Мен кездескен ең мықты клубтар – «Астана» мен «Қайрат».


ҚПЛ мен РПЛ арасындағы айырмашылық

– Қазақстан Премьер-лигасы мен Ресей Премьер-лигасының деңгейінде айырмашылық бар ма?

– Иә, айырмашылық бірден байқалады. Екі чемпионаттың деңгейі арасында айтарлықтай үлкен алшақтық бар.


Бейімделу процесі

– Басқа елге, басқа лигаға бейімделу қиын болды ма? Қазақстан мен Ресейдің футбол инфрақұрылымында айырмашылық сезіле ме?

– Құдайға шүкір, мен клубтар мен лигаларға тез бейімделетін ойыншымын. Сондықтан айтарлықтай қиындық болған жоқ.


Қазақстандық футболшылар жайлы

– Қазіргі таңда Ресей чемпионатында өнер көрсетіп жүрген Қазақстан құрамасының ойыншылары Максим Самородов пен Ғалымжан Кенжебектің болашағы туралы не айтасыз?

– Егер екеуі де техникалық шеберлігі жоғары, мықты ойыншылар болса, онда, сөзсіз, жоғары деңгейдегі формасын сақтап қала алады.

Естеріңізге сала кетсек, Эдарлин 2024 жылы Семейлік клуб сапында доп теуіп, барлық турнирлерде 15 ойын өткізіп, 2 гол соқты және 6 голдық пас авторы атанды.

Ұқсас мақалалар

Қазақстан құрамасы күздегі қарсыластарын анықтады

Қазақстандық теннисші халықаралық турнирдің финалына шығу үшін матч өткізеді

«Қалғым келді». Адиевтің Қазақстан құрамасынан кетуінің шынайы себебі айтылды