YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Жаңалықтар

«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы «Арсеналмен» матчтан кейін мақтау алды

"Арсенал" - "Қайрат"

SB Nation порталындағы The Short Fuse айдарында лондондық «Арсеналға» шолу жасайтын журналист Аарон Лернер Чемпиондар лигасында «Эмирейтс» стадионында өткен матчтан кейін алматылық «Қайрат» футболшыларына жоғары баға берді, деп хабарлайды Yersport.kz.

Ұлыбритания астанасындағы ойын 28 қаңтардан 29 қаңтарға қараған түні өтіп, алаң иелерінің 3:2 есебімен жеңісімен аяқталды. Алматылықтардың сапынан Жоржиньо мен Рикардиньо гол соқты.

«„Арсенал“ алматылық „Қайратты“ 3:2 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңін мінсіз аяқтады. Турнир кестесінің соңында тұрған қонақтар үшін „зеңбірекшілер“ тым мықты болды. Бірінші таймда Виктор Дьёкереш, Кай Хаверц пен Габриэль Мартинелли соққан голдар жеңіске жетуге жеткілікті болды. Ал екінші таймда Брандо Бейли-Джозеф пен Ифе Ибрахим негізгі құрамда дебют жасады.

„Қайрат“ футболшылары Чемпиондар лигасының әнұраны орындалып жатқан сәтте болып жатқанның бәрінен ләззат алғандай, еркін жүргендей көрінді. Мұны комплимент ретінде айтып отырмын — жалпы кезеңнің өзі олар үшін қаншалықты үлкен тәжірибе болғанын елестетіп көріңіз. Ешкім олардан мұндай деңгейде ойнайды деп күтпеді, алайда олар әлемдік футболдың үздік клубтарының бірқатарымен тең дәрежеде матч өткізді. Сондай-ақ Чемпиондар лигасындағы ең мықты қорғанысқа ие команда қақпасына екі гол соққаны да оларға ерекше әсер қалдырғаны анық. „Арсенал“ футбол клубы қонақтарына Лондонға сапардан жағымды естеліктер қалдыру үшін барынша жомарт әрі ілтипатты болды», — делінген мақалада.

Еске салайық, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі қорытындысы бойынша «Қайрат» бір ғана ұпай жинап, турнир кестесінде соңғы — 36-орынға тұрақтады. Рафаэль Уразбахтин шәкірттері бұл ұпайды кипрлік «Пафоспен» өткен матчта (0:0) иеленді. Ал Микель Артета жаттықтыратын «Арсенал» барлық сегіз ойында жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне бірінші орынмен жолдама алды.

Ұқсас мақалалар

Қазақстандық теннисші Үндістанда өткен турнирде жеңіске жетті

ҚФФ-де Дастан Сатпаевқа қатысты ұстанымын мәлімдеді

Redaktor Yersport

Олимпиада чемпионы Улугбек Рашитов екі жылға спорттан шеттетілді