Англия құрамасының және лондондық «Арсеналдың» жартылай қорғаушысы Деклан Райс жылдамдықты шамадан тыс асырғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды Yersport.kz сайты Daily Mail-ге сілтеме жасап.
Алғашқы заңбұзушылық 2025 жылдың 3 қаңтарында тіркелді. 26 жастағы футболшы өз үйінің маңындағы A217 жолында (30 миль/сағ шектеу қойылған аумақта) 37 миль/сағ жылдамдықпен жүрген. Аталған үйдің құны бірнеше миллион фунт стерлингке бағаланады.
Екінші рет Райс 8 қаңтарда дәл сол жол бөлігінде тағы да ереже бұзған. Бұл жолы ол 40 миль/сағ шектеуі бар аймақта 49 миль/сағ жылдамдықпен жүрген.
Футболшы Кроули сотына келмегенімен, оған 2 185 фунт стерлинг көлемінде айыппұл салынды. Оның ішінде:
-
1 500 фунт – негізгі айыппұл,
-
600 фунт – қосымша төлем,
-
85 фунт – сот шығындары бар.
Жүргізуші куәлігінен алты айға айырылу шешімі айыппұл ұпайларын қосу рәсімінен кейін қабылданды. Себебі, екінші заңбұзушылық кезінде Райстың жүргізуші куәлігінде алты айыппұл ұпайы болған, ал жалпы саны 15 ұпайға жеткен.
Айта кетейік, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 8-туры аясында лондондық «Арсенал» алматылық «Қайратты» қабылдайды. Кездесу 28 қаңтардан 29 қаңтарға қараған түні өтеді.
Қазіргі таңда «Арсенал» турнир кестесінде 18 ұпаймен сенімді түрде көш бастап тұр. Ал «Қайрат» бар болғаны 1 ұпаймен соңғы, 36-орында орналасқан.
