YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

Елена Рыбакина 2026 маусымын жеңіспен бастады

Елена Рыбакина

Уимблдон-2022 чемпионы, әлемнің бесінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымдағы алғашқы ойынын сәтті өткізді, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

Брисбенде (Аустралия) өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің екінші айналымында Рыбакина әлемдік рейтингте 79-орында тұрған қытайлық Чжан Шуайды 6:3, 7:5 есебімен жеңді.

Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Елена 16 эйс жасап, алты қос қателікке жол берді және тоғыз брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды. Чжан Шуайдың еншісінде үш эйс, бірде-бір қос қателік жоқ және жеті мүмкіндіктің екеуі ғана брейк-пойнтқа айналды.

Турнирдің үшінші кезеңінде Елена Рыбакина Мари Боузкова (Чехия) мен Паула Бадоса (Испания) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Ұқсас мақалалар

Африка кубогында стадион толмаса, жанкүйерлерді матчқа тегін кіргізуде

«Барселона» Жоау Канселуды қайтарады — Фабрицио Романо

Globe Soccer Awards: Дембеле — жылдың үздік футболшысы, Роналду — Таяу Шығыстың үздігі, Энрике — жылдың жаттықтырушысы