YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазақстан Премьер-ЛигасыҚазақстан ұлттық құрамасыФутбол

Қазақстан футболының ардагері Марат Есмуратов дүниеден өтті

Марат Есмуратов

65 жасында Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы футболшысы, отандық футболдың ардагері Марат Жалғасұлы Есмуратов өмірден озды. Бұл туралы Yersport.kz KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады. Марқұмның жүрек талмасынан қайтыс болғаны айтылды.

Қызылорда футболының түлегі Марат Есмуратов кәсіби мансабын 1979 жылы «Мелиоратор» командасында бастады. Әр жылдары «Машук» (Пятигорск), «Қайрат» (Алматы), СКИФ-«Ордабасы», «Актюбинец», «Мұнайшы» (Ақтау) клубтарының намысын қорғады. 2001 жылы туған клубы «Қайсар» сапында ойыншы ретіндегі мансабын аяқтады.

Қазақстан Премьер-лигасында 265 матч өткізіп, 6 гол соқты. Ұлттық құрамада 7 ойынға қатысты.
Бапкерлік қызметте «Қайсар», «Ақ Бұлақ», Алматыдағы СДЮШОР №2, «БТА Футзал», «Жетісу» және «Алтай» клубтарында еңбек етті.

Қазақстан футбол қауымдастығы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Ұқсас мақалалар

Федор Смолов футболшылардың танымалдығы мен брендке айналудың маңызын айтты

Аморим «Манчестер Юнайтедтің» трансферлік нарықтағы тактикасы туралы айтты

Кубарси Суперкубоктағы жеңістен кейін «Реал» жанкүйерлеріне әдепсіз қимыл көрсетті – шынтақ тұсынан ұрды