YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарЛа ЛигаФутбол

«Каталондық дерби» даулы ұрандарға толы болды

Каталондық дерби

Ла Лигадағы каталондық дербиінде «Барселона» «Эспаньолды» 2:0 есебімен жеңді. Алайда матч жанкүйерлердің даулы әрекеттерімен есте қалды.

Кездесу барысында «Эспаньол» фанаттары бұрын клубта ойнаған, қазір «Барселона» сапындағы қақпашы Жоан Гарсияға қарсы агрессивті ұрандар айтты. Сондай-ақ «Барселонаға» бағытталған балағат сөздер мен арандатушылық сипаттағы айқайлар естілді.

Бұл жайт қоғамда теріс реакция тудырып, жанкүйерлер мәдениеті мен қауіпсіздік мәселесін қайта көтерді.

Осыған дейінгі каталондық дерби әрқашан да жанкүйерлер арасында қақтығысқа толы болатын. Өткен маусымда «Барселона» Ла Лиганың чемпиондықты шешетін кездесуде жеңіске жеткеннен кейін, «Эспаньол» клубының қызметкерлері қарсыластары чемпиондықты тойлатуға мүмкіндік бермей, алаңды суарып, футболшыларды киім ауыстыру бөлмесіне кіргізуге мәжбүрлеген еді.

Ұқсас мақалалар

«Челси» «Борнмутпен» тең ойнап, ауттан кейін екі гол жіберіп алды. Палмер пенальтиден көзге түсті

UFC-де Ислам Махачевтің Шавкат Рахмоновпен жекпе-жегіне қатысты үкім айтылды

Redaktor Yersport

Абылайхан Назымханов «Елімай» ойыншысы атанды