YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Усман Дембеле Францияның 2025 жылғы үздік спортшысы атанды

Усман Дембеле

Францияның беделді L’Équipe басылымы 2025 жылдың қорытындысы бойынша елдің үздік спортшыларының рейтингін жариялады. Тізімнің көшін «Пари Сен-Жермен» клубының футболшысы Усман Дембеле бастады.

Бұған дейін әлемдік футболдағы ең беделді жеке марапат — «Алтын допты» иеленген Дембеле дауыс беру қорытындысы бойынша 803 ұпай жинап, бірінші орынға шықты.

Францияның 2025 жылғы үздік спортшылары рейтингі:

  1. Усман Дембеле (футбол) — 803 ұпай

  2. Леон Маршан (жүзу) — 661 ұпай

  3. Чарли Далин (желкенді спорт) — 380 ұпай

  4. Джимми Грессье (жеңіл атлетика) — 369 ұпай

  5. Максим Груссе (жүзу) — 232 ұпай

  6. Луи Бьель-Биарри (регби) — 215 ұпай

  7. Томас Рамос (регби) — 83 ұпай

  8. Себастьен Ожье (ралли) — 82 ұпай

  9. Дезире Дуэ (футбол) — 71 ұпай

  10. Жоан-Бенжамен Габа (дзюдо) — 68 ұпай

Айта кетейік, бұл рейтинг жыл бойы көрсетілген спорттық жетістіктер мен сарапшылардың дауыс беруі негізінде жасалған.

Ұқсас мақалалар

Бублик азаматтықты ауыстыратын ойыншылар туралы: «Басқа не үшін ауыстыруға болады? Тек ақша үшін»

2026 жылғы Әлем чемпионаты: жеребе тарту рәсімі «Qazaqstan» телеарнасында

90 минут бойы үнсіздік, бір секундта үміт