YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
UFCБасты ақпаратЖаңалықтарММА

Стерлинг Евлоевтен реванш алғысы келеді

Алджамейн Стерлинг - Мовсар Евлоев

Бұған дейін 2026 жылдың наурыз айында 66 келі салмақ дәрежесінде чемпиондық жекпе-жекке үміткерлер — Лерон Мерфи мен Мовсар Евлоев өзара айқасуы мүмкін деген сыбыс шыққан еді.

Осыған байланысты Алджамейн Стерлинг мәлімдеме жасады:

— Лерон, мен сенімен ақпанда да, наурызда да төбелесуге дайынмын. Тіпті сенің туған еліңде кездесуге де қарсы емеспін. Яир Родригес, мен де дайынмын. Евлоев, мен сенімен алғашқы жекпе-жекте жеңіске жеттім. Кез келгендеріңмен шығуға әзірмін, лузерлер. Дэйна Уайтқа айтыңдар, мына ақымақтарды қозғап қойсын. Ақ үйде масқара болғыларың келсе — оны да ұйымдастырып бере аламын. Мен 36 жастамын, жасарып жатқан жоқпын. Келіңдер, біраз ақша табайық, — деді Стерлинг Home of Fight басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Мовсар Евлоев UFC-де соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында өнер көрсетті. Ол кезде UFC 310 турнирінде Алджамейн Стерлингті төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын.

Ұқсас мақалалар

Бублик азаматтықты ауыстыратын ойыншылар туралы: «Басқа не үшін ауыстыруға болады? Тек ақша үшін»

Күрес федерациясы басшысыз қалды: Тұрлыханов қызметінен кетті

Redaktor Yersport

Роналдуды «Әл-Иттихадқа» қарсы ойынға көндіре алмады. «Әл-Наср» бапкері Жезуш шабуылшының наразылығын қолдап, баспасөз мәслихаттарына қатыспай жүр (Arriyadiyah)