YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Жаңалықтар

«Барселонаның» бас бапкері команда көшбасшысын құрамнан шығарды

Педри

«Барселонаның» бас бапкері Ханс-Дитер Флик баспасөз мәслихатында жартылай қорғаушы Педридің Ла Лиганың 17-туры аясында «Вильярреалға» қарсы өтетін матчқа қатыспайтынын растады. Бұл туралы Yersport.kz хабарлайды.

— Педри қолжетімсіз, әрі бұл жағдай мені қанағаттандырмайды. Ол жарақат алды. «Эспаньолға» қарсы ойынға дейін толық дайын болады деп үміттенемін. Қазір оның сан бұлшық етінің артқы бөлігінде (подколенное сухожилие) мәселе бар, тәуекел тым жоғары. Ол алаңға шығуы мүмкін еді, бірақ біз тәуекелге бара алмаймыз. Оны сақтап, толық ем қабылдауына мүмкіндік беруіміз керек. Қазіргі таңда бұл — ең дұрыс шешім. Ол бізге алдағы матчтарда — «Эспаньолға» қарсы ойында және Суперкубокта қажет. Біз бейімделуіміз керек, себебі команданың сапасы жеткілікті, — деді Флик.

Бұған дейін Педриде сол жақ балтырындағы камбал тәрізді бұлшық етке шамадан тыс жүктеме түскені анықталғаны хабарланған болатын.

Ұқсас мақалалар

Флик «Сосьедадтан» 1:2 есебімен ұтылған матч туралы: «Бұл – «Барселонаның» фантастикалық ойыны. Кейде бәрін дұрыс жасайсың, бірақ жолың болмайды»

Қазақстанның екінші ракеткасы күтпеген жеңіліске ұшырады

УЕФА ҚПЛ стадиондарына қатысты ресми шешім қабылдайды

Redaktor Yersport