YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарҚазақстан Премьер-ЛигасыФутбол

Қазақстан құрамасының футболшысы Астанадан кету туралы шешім қабылдады

Сағи Совет

Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы әрі «Жеңіс» клубының ойыншысы Сағи Совет қызылордалық «Қайсармен» келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы Yersport.kz тілшісі журналист Эльдар Аманбаевқа сілтеме жасап хабарлайды.

Журналистің айтуынша, бұған дейін Сағи Совет қазіргі клубымен келісімін ұзартуы мүмкін екені жазылған. Алайда кейін жағдай өзгеріп, футболшы мансабындағы ең күрделі шешімдердің бірін қабылдаған.

— Бұған дейін Сағи Совет келісімшартын ұзартатынын жазған едім. Бірақ содан кейін жағдай өзгерді. Ұлттық құраманың үміткері өзіне жайлы қаладан кетіп, «Қайсардың» ұсынысын қабылдады. Тараптар екі жылдық келісімшартқа қол қойды, — деп жазды Эльдар Аманбаев Telegram-арнасында.

Айта кетейік, 25 жастағы қорғаушы «Жеңіс» клубына 2024 жылы «Астанадан» ауысқан. Өткен маусымда Қазақстан Премьер-лигасында елордалық команда сапында 22 матч өткізіп, 4 гол соқты. Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының қазіргі нарықтағы бағасы 300 мың еуроны құрайды.

Ұқсас мақалалар

Африка кубогында стадион толмаса, жанкүйерлерді матчқа тегін кіргізуде

Артур Шушеначев Израильде қалатын болды

Globe Soccer Awards: Дембеле — жылдың үздік футболшысы, Роналду — Таяу Шығыстың үздігі, Энрике — жылдың жаттықтырушысы