YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты топ-10 рейтингінен шығарылды

Жәнібек Әлімханұлы

Орта салмақтағы біріктірілген чемпион, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17–0, 12 КО) допинг дауына байланысты елеулі беделдік шығындарға ұшырады, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

Қазақстан өкілі чемпиондық белбеулерінен айырылуы мүмкін: IBF пен WBO ұйымдары тексеру жұмыстарын бастап, кейін түпкілікті шешім шығарады. Ал әзірге Әлімханұлы орта салмақтағы үздік ондық рейтингтен шығып қалды. Оның орнына көшбасшы атанған — негізгі қарсыластарының бірі, WBC чемпионы Карлос Адамес.

The Ring нұсқасы бойынша орта салмақтың топ-10 рейтингі:

  1. Карлос Адамес

  2. Йоэнли Эрнандес

  3. Эрисланди Лара

  4. Конор Бенн

  5. Трой Айсли

  6. Этиноса Олиха

  7. Аарон Маккенна

  8. Остин Уильямс

  9. Крис Юбэнк-кіші

  10. Хесус Рамос

Айта кетейік, допинг дауына дейін қазақстандық боксшы рейтингтің екінші орнында тұрған болатын.

Еске салсақ, 7 желтоқсанда Әлімханұлы кубалық Эрисланди Ларамен орта салмақтағы үш чемпиондық белбеу үшін біріктіруші жекпе-жек өткізуі тиіс еді. Алайда айқасқа бірнеше күн қалғанда қазақстандықтың допинг сынамасынан мельдоний табылып, жекпе-жек тоқтатылды.

Нәтижесінде Лара венесуэлалық Йохан Гонсалеспен (36–5, 34 КО) жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.

Қазіргі таңда қазақстандық боксшының ісі бойынша ішкі тергеу жалғасып жатыр. B сынамасын ашу 8 қаңтарға жоспарланған, содан кейін жағдайға түпкілікті құқықтық баға берілмек.

Ұқсас мақалалар

Қазақстан боксында тағы бір допинг дауы: Дулат Бекбауов антидопинг ережесін бұзғаны үшін екі жылға дисквалицияланды

Redaktor Yersport

Гасперини: «Рома» шабуылда дәлдік пен сападан айырылды

Қазақстан әйелдер құрамасы Азия Чемпионатында бес алтын жүлдеге қол жеткізді

Redaktor Yersport