ATP рейтингісінде қазіргі уақытта 11-орында тұрған Александр Бублик 2025 жылғы маусымның басындағы қиын кезеңін ашық еске алды. Наурыз айында қазақстандық теннисші рейтингте 82-орынға дейін төмендеп, мансабын аяқтау жайлы ойланған.
Бублик ойлануға уақыт алып, төрт ATP 250 титулын жеңіп, «Ролан Гаррос» турнирінде ширек финалына дейін жетті.
Маусым басталғанда өзімнен қатты разы болмадым, тіпті топ-100-ден шығып қалу қатерімен мансабымды аяқтау туралы ойладым. Индиан-Уэллстен кейін үш күнге Лас-Вегасқа барып, бәрінен алыстап, ойымды жинақтадым. Сол сәттен бері өз жолыммен келе жатырмын. Мақсатым- топ-10 қатарына кіру. Бұл менің арманым. Енді өз потенциалымды толық пайдаланып, зейінді жұмыс істесем, оны орындай алатыныма сенімдімін.
2025 жылы Бублик барлық төсеніштегі турнирлерде жеңіске жетіп, өзінің әмбебаптығын көрсетті:
• Шөп: ATP-500, Галле (Германия, маусым)
• Құм: ATP-250, Кицбюэль (Аустрия, шілде) және Гштад (Швейцария)
• Хард: ATP-250, Ханчжоу (Қытай, қыркүйек)
