YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
АПЛЖаңалықтарФутбол

«Вест Хэм» қысқы трансфер терезесінде ең көп қаржы жұмсаған клуб атанды

"Вест Хэм"

Англияның «Вест Хэм» клубы биылғы қысқы трансферлік кезеңде әлем бойынша ең көп шығын жасаған команда болды. Transfermarkt мәліметінше, лондондық клуб португалиялық «Жил Висентеден» шабуылшы Пабло Фелипені €23 млн-ға, ал италиялық «Лациодан» Валентин Кастельяносты €29 млн-ға сатып алды.

Осылайша, «балғашылар» қысқы трансферлерге жалпы €52 млн жұмсап, бұл көрсеткіш бойынша әлемде көш бастады. Екінші орында — «Кристал Пэлас» (€40 млн). Үздік бестікке сондай-ақ «Айнтрахт» (Германия, €19,3 млн), «Интер Майами» (АҚШ, €15 млн) және «Спортинг» (Португалия, €14 млн) кірді.

Ұқсас мақалалар

«Реал» Родридің келісімшарт жағдайын бақылап отыр және оны өз қатарына қосуды ойластыруы мүмкін

Дэвис Кубогының жартылай финалына шыққан командалар белгілі болды

Redaktor Yersport

«Барселона» тарихындағы 103-ші трофейін жеңіп алды, «Реалдың» еншісінде – 105 титул