YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
АПЛЖаңалықтарФутбол

Рубен Невеш АПЛ-ге оралуға жақын

Рубен Невеш

Португалиялық жартылай қорғаушы Рубен Невеш Англия Премьер-лигасына қайта оралғысы келеді. The Times мәліметінше, футболшы «Аль-Хиляльмен» келісімшартын ұзартудан бас тартып, клубтан кетуді талап еткен, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

Осы жағдайға байланысты саудиялық клуб Невешті қаңтар айындағы трансферлік терезеде сатудың жолдарын қарастыруда. Бұған дейін ойыншының нарықтағы құны 18 млн фунт деп айтылғанымен, қазіргі ахуалды ескерсек, «Аль-Хиляль» португалиялықты бұдан да төмен сомаға жіберуі мүмкін.

Бұрын «Вулверхэмптон» сапында ойнаған Невешке қызығушылық танытып отырған клубтар қатарында «Манчестер Юнайтед», «Ньюкасл» және «Вест Хэм» аталады.

Айта кетейік, Рубен Невеш 2023 жылы «Аль-Хиляльге» 47 млн фунт стерлингке ауысқан болатын.

Ұқсас мақалалар

Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты топ-10 рейтингінен шығарылды

Чехия құрамасы Олимпиада ойындарына қатысатын хоккейшілер тізімін жариялады

Қазақстан Қатардағы үстел теннисі турниріндегі өнерін аяқтады