YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтар

Олимпиада чемпионы Улугбек Рашитов екі жылға спорттан шеттетілді

Әлемдік таэквондо аренасындағы танымал спортшы, Өзбекстан атынан сынға түсетін екі дүркін Олимпиада чемпионы Улугбек Рашитов екі жылға жарыстардан шеттетілді. Бұл туралы Халықаралық допингке қарсы тестілеу агенттігі (ITA) ресми түрде хабарлады.

Агенттік дерегіне сүйенсек, 22 жастағы спортшы соңғы 12 ай ішінде орналасқан жері туралы мәліметті үш рет ұсынбаған. Мұндай жағдай Халықаралық антидопинг кодексінің бұзылуы болып саналады және спорттағы әділдік пен ашықтықты сақтау үшін маңызды талаптардың бірі.

Рашитов бұл айыптауларды жоққа шығармай, жазаны қабылдаған. Шеттету мерзімі 2025 жылдың 13 мамырынан басталып, 2027 жылдың 12 мамырына дейін жалғасады. Сонымен қатар, 2025 жылдың 3 ақпанынан кейінгі барлық нәтижелері жойылады. Осы кезеңде спортшы ұлттық немесе халықаралық жарыстарға қатыса алмайды.

Дегенмен, Улугбек Рашитов бұл шешімге қарсы Спорттық арбитраж сотына (CAS) шағымдануға құқылы.

Айта кетейік, Рашитов — Өзбекстан спортындағы ең ірі тұлғалардың бірі. Ол 2021 жылы Токио Олимпиадасында таэквондодан ел тарихындағы алғашқы алтынды жеңіп алса, 2024 жылы Парижде екінші мәрте Олимпиада чемпионы атанды.

Ұқсас мақалалар

«Ливерпуль» «Лестердің» Премьер-лигамен қоштасуын ресімдеді

Хавьер Маскерано «Интер Майами» командасының бас бапкері болды

Никита Бояркин ҚХЛ Жұлдыздар матчына қатысады

Redaktor Yersport