YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарФутбол

Қарағандылық «Шахтердің» бұрынғы ойыншысы Лайонел Адамсқа травматикалық қарудан алты рет оқ атылған

ЦСКА клубының тәрбиеленушісі Лайонел Адамс Мәскеу облысында болған жанжал кезінде жарақат алды. Legalbet мәліметінше, футболшыға травматикалық тапаншадан алты рет оқ атылып, оның бесеуі арқасы мен аяқтарына тиген.

Оқиға 27 желтоқсанда Звенигород қаласындағы түнгі клубта болған жанжал барысында тіркелген. Адамс оқ жарақатынан бөлек, ернінен жыртылған жарақат алған. Оқиғадан кейін футболшы ауруханаға жеткізілді. Дереккөздің хабарлауынша, бірнеше төбелеске қатысқан ойыншы полицияға арыз жазудан бас тартқан.

Атылған оқтардың іздері футболшының жауырыны маңындағы арқасында және сан тұсында анық байқалады.

Лайонел Адамс
Legalbet
Legalbet

Айта кетейік, 2024 жылы Лайонел Адамс Қарағандының «Шахтер» клубында өнер көрсетті. Қазіргі таңда ол еркін агент мәртебесінде.

Ұқсас мақалалар

«Ман Сити» 7 ойын қатарынан жеңіп келе жатыр. Соңғы ойындардағы көрсеткіштері 21:7

Ресми: Александр Заруцкий — «Ақтөбе» ойыншысы

Ғалымжан Кенжебек ойнаған «Ахмат» аутсайдермен матчта ойсырай жеңілді