YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Чемпиондар лигасының финалындағы төреші — «Интер» үшін жақсы белгі

 

Алдағы Чемпиондар лигасының финалында «Интер» мен ПСЖ клубтары кездеседі. Бұл маңызды матчтың басты төрешісі ретінде румын арбитрі Иштван Ковач ресми түрде тағайындалды. Бұл тағайындау «Интер» үшін жақсы нышан ретінде қабылданып отыр.

Иштван Ковачтың төрелік етуі италиялық клуб үшін оң нәтижелермен байланысты. Бұған дейін УЕФА аясында өткен екі финалда да Ковач төреші болып, италиялық командалар жеңіске жеткен еді: 2023/24 жылғы Еуропа лигасының финалында «Аталанта» немістің «Байер» клубын 3:0 есебімен жеңсе, 2021/22 жылғы Конференциялар лигасының финалында «Рома» «Фейеноордтан» 1:0 есебімен басым түсті.

Оған қоса, Ковач «Интердің» биылғы маусымдағы Чемпиондар лигасындағы соңғы матчының да төрешісі болды. Ол кезде «нерадзурри» Лондонның «Арсеналын» 1:0 есебімен жеңіп, топтық кезеңнен сенімді өтті.

Ал ПСЖ үшін Ковач төрешілік еткен екі ойын бірдей оңай болмаған. Топтық кезеңде париждіктер «Бавариядан» 0:1 есебімен жеңілді. Дегенмен, 1/8 финалдағы «Ливерпульмен» болған қарымта ойында ПСЖ пенальти сериясында жеңіске жетті.

Ұқсас мақалалар

Нариман Құрбанов ҚР еңбек сіңірген спорт шебері атағын алды

Хосеп Гвардиола «Манчестер Ситимен» келісімшартын ұзартты

Мадияр Кембілов: Сен соқпасаң, саған соғады

admin_yersport