«Барселона» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында сырт алаңда пражалық «Славиямен» кездесті, деп хабарлайды Yersport.kz.
Кездесу «Фортуна Арена» стадионында өтті. Матчқа ағылшын төрешісі Крис Кавана бастаған қазылар алқасы қызмет көрсетті.
Ханс-Дитер Флик алаңға келесі құрамды шығарды: Ж. Гарсия, Кунде, Мартин, Э. Гарсия, Бальде, Педри, Лопес, де Йонг, Барджи, Рафинья, Левандовски.
Ойынның 10-минутында есепті Васил Кушей ашты. Алайда үзіліске дейін Фермин Лопес 34 және 42-минуттарда екі гол соғып, қонақтарды алға шығарды. Бұдан кейін 44-минутта Роберт Левандовски допты өз қақпасына салып алды.
Екінші таймда Дани Ольмо (63-минут) мен Роберт Левандовски (71-минут) гол соғып, фавориттің жеңісін қамтамасыз етті — 4:2. Поляк шабуылшысының автоголын төмендегі видеодан көруге болады.
Осы нәтижеден кейін «Барселонаның» еншісінде 13 ұпай бар және команда Чемпиондар лигасының 1/16 финал кезеңіне шығу аймағында орналасқан.
