YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
СұхбатФутбол

Мадияр Кембілов: Сен соқпасаң, саған соғады

Мадияр Кембілов:Сен соқпасаң, саған соғады
Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Мадияр Кембілов Румыниямен өткен матч туралы пікірін білдірді.

– Ауыр матч болды. Бірінші болып гол жібергеніміз ойынға қалай әсер етті?

– Иә, ауыр матч өтті. Қыздар алаңда барын салып, соңына дейін ойнады. Басында сәл қобалжу болғанымен, артынша жақсы ойын өрнегін көрсете бастады. Дегенмен бірінші болып жібергеніміз жоспарымызға қатты өзгеріс әкелді. Румыния мұндай қателікті кешірмейтін команда.

– 25 минутта ойыншы алмастырдыңыз: Тұрлыбекованың орнына Низамутдинова шықты. Не себеп болды?

– Әселхан Тұрлыбекова жарақат алып қалды. Сондықтан ертерек оны алмастыруға тура келді. Орнына Анастасия Низамутдинова жақсы шықты.

– Команда екінші таймды шабуылда бастады. Бірақ үшінші голдан кейін шабуыл бәсеңдеген секілді…

– Екінші таймда шабуылда көбірек ойнауға тырыстық. Гол соғатын мүмкіндіктер болды, бірақ оларды пайдалана алмадық. Үшінші голды жібергеннен кейін қыздарға қатты әсер етті. Футболда «сен соқпасаң, саған соғады» деген бар. Оның үстіне, Румыния секілді мықты құрамаға қарсы ойнағанда әр мүмкіндігіңді қолдану қажет.

Ойын соңында 17-19 жастағы жас ойыншыларды алаңға шығардым. Кәдімгідей тәжірибе алды деуге болады. Ойынға жақсы араласып, шабуылда үдете алды. Жалпы алғанда, өз алаңымыздағы матчта жеңіске жетуіміз керек еді. Дегенмен қорғаныста жатпай, шабуылда ойнап, тәуекелге бардық. Тәжірибе жетіспегені білінді. Бұған қарамастан, команда жинақы, сапалы ойын көрсетті.

Ұқсас мақалалар

Черчесов Сергей Малыйдың негізгі құрамға лайық екенін айтты

Redaktor Yersport

«Астана» Конференция лигасының плей-офф кезеңіне өтті

admin_yersport

Қазақстандық балуан Париждегі жеңілісіне қатысты ойын айтты

admin_yersport