YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратҚазақстан Премьер-ЛигасыФутбол

ҚПЛ клубы 2026 жылғы маусым бойы өз алаңында ойнай алмайды

"Атырау" ФК

Қазақстан футзал федерациясының президенті Нұрсұлтан Құрман алдағы ҚПЛ маусымында «Атырау» клубы өз үй стадионында ойнай алмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Yersport.kz YouTube-тегі Nursultan Qurman арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

— Ақпаратпен бөліскім келеді: «Атыраудың» жағдайы өте қиын. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, клуб алдағы маусымның соңына дейін өз үй стадионында ойнай алмайды. Маған берілген ақпаратқа қарағанда, олар маусым соңына дейін өз алаңында бірде-бір матч өткізбейді деп ойлаймын. Қателеспесем, «Атырау» үйдегі ойындарын Түркістан қаласында, «Тұран» стадионында өткізетін болады.

Қазіргі таңда клубтың үй стадионында ешқандай жұмыс басталған жоқ. Егер жоғары жақтан ықпалды, қаржылай мүмкіндігі бар адамдар бұл іске араласпаса, жағдайдың өзгеретініне әзірге негіз жоқ, — деді Құрман.

Бұған дейін Атырау қаласы әкімдігі жақын арада жаңа футбол стадионының құрылысы басталатынын, ал жергілікті клубтың үй аренасы — «Мұнайшы» стадионы қайта жаңғыртудан өтетінін хабарлаған болатын.

Ұқсас мақалалар

Елена Рыбакина Australian Open–2026 матчі алдында жағымды жаңалық алды

КПЛ клубы Өзбекстанның үш дүркін чемпионымен матч өткізетінін хабарлады

Redaktor Yersport

Роберт Левандовский Чемпиондар Лигасында жүз гол соққан үшінші ойыншы атанды