YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратФутболЧемпиондар Лигасы

Қазақстанның болашағы: 17 жастағы Сәтпаев жаһандық рейтингке енді

TransferRoom әлемнің 21 жасқа дейінгі болашағы зор орталық шабуылшыларының жаңартылған рейтингін жариялады.

Осы тізімге «Қайраттың» 17 жастағы форварды Дастан Сәтпаев еніп, Орталық Азиядан мұндай беделді ондыққа кірген жалғыз футболшы атанды. Сарапшылар қазақстандық дарынның әлеуетін 88,5 балл деп бағалап, оған 10-орын берді.

Рейтингтің көшін «Брайтонның» 18 жастағы грек шабуылшысы Харалампос Костулас (91,3) бастады. Одан кейін «Палмейрастың» 20 жастағы бразилиялық таланты Витор Роке (91,1), ал үздік үштікті «Байердің» 18 жастағы камерундық форварды Кристиан Кофане (90,0) түйіндеді.

TransferRoom нұсқасы бойынша U-21 орталық шабуылшыларының ТОП-10 рейтингі:

1. Харалампос Костулас (Грекия, 18) — «Брайтон» — 91,3
2. Витор Роке (Бразилия, 20) — «Палмейрас» — 91,1
3. Кристиан Кофане (Камерун, 18) — «Байер» — 90,0
4. Кадер Мейте (Франция, 18) — «Ренн» — 89,8
5. Эндрик (Бразилия, 19) — «Реал» — 89,7
6. Кауа Элиас (Бразилия, 19) — «Шахтёр» — 88,8
7. Стефанос Цимас (Грекия, 19) — «Брайтон» — 88,8
8. Саму Агехова (Испания, 21) — «Порту» — 88,7
9. Конрад Хардер (Норвегия, 20) — «Лейпциг» — 88,6
10. Дастан Сәтпаев (Қазақстан, 17) — «Қайрат» — 88,5

TransferRoom рейтингінен бөлек, Дастан Сәтпаев шведтің Score90 спорт порталының нұсқасы бойынша 2008 жылы туған үздік бес футболшының қатарына енді. Қазақстандық шабуылшы 5-орын алып, өз буынының ең талантты ойыншыларының бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ұқсас мақалалар

«Челси» чемпиондық сыйақысын Диогу Жотаның отбасына аударды

Redaktor Yersport

«ПСЖ» мен Франция арасындағы дау: париждіктер енді ұлттық құрамаға ойыншысын жібермеуі мүмкін

Redaktor Yersport

Чемпиондар лигасының финалындағы төреші — «Интер» үшін жақсы белгі