YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
АПЛБасты ақпаратФутбол

Дастан Сәтпаевтың «Челсидегі» бәсекелесі дисквалификациядан кейін алаңға оралады

Михаил Мудрик

«Челсидің» және Украина ұлттық құрамасының вингері Михаил Мудрик допингке байланысты алған дисквалификациясын толық өтеп, команда сапына қайта оралады. Бұл туралы Yersport.kz хабарлайды.

«Михаил Мудрик ақталып, „Челсиге“ қайта оралады! Украиналық вингер допинг ережесін бұзғаны үшін (мельдоний) берілген дисквалификация мерзімін ресми түрде аяқтады және осы аптада Кобхэм базасында негізгі командамен жаттығуды бастайды. Ол 2024 жылдың желтоқсанынан бері алаңнан шеттетілген болатын. Дереккөздердің мәліметінше, тыйым 17 қаңтарда алынған. Сонымен қатар „Челси“ Мудрикті толыққанды құрамға қайта қоспас бұрын, ойын тәжірибесін жинау үшін оны „Страсбурға“ жалға беруді жоспарлап отыр», — деп жазады Topskills Sports UK X-аккаунты.

Еске салайық, 2026 жылдың тамыз айынан бастап қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев ресми түрде «Челси» клубына қосылады.

Ұқсас мақалалар

ҚПЛ клубы орталық қорғаушыға қатысты ресми шешімін жариялады

Redaktor Yersport

Усман Дембеле Францияның 2025 жылғы үздік спортшысы атанды

Кварацхелия 2025 жылы Чемпиондар лигасын ұтса да, Грузияның үздік спортшысы атанған жоқ