Қазіргі таңда елімізде спорт саласы қарқынды дамып келеді. Оған дәлел — жаңа спорт кешендерінің салынуы және түрлі деңгейдегі жарыстардың тұрақты түрде өткізілуі. Қазақстанның түкпір-түкпірінде спорттың әр түріне арналған заманауи нысандар бой көтерген.
Ірі спорт кешендері:
1. Астана Арена
Бұл стадион елордада орналасқан және негізінен футбол матчтарын өткізуге арналған. Стадион 2009 жылы 3 шілдеде ашылды. Сыйымдылығы шамамен 30 000 көрерменді құрайды. «Астана Арена» — Қазақстандағы ең заманауи ареналардың бірі, жабық шатыр жүйесімен ерекшеленеді.
2. Алматы Орталық стадионы
Қазақстандағы ең ірі спорт нысандарының бірі. 1955–1958 жылдары салынған. 1998, 2004 және 2011 жылдары қайта жөндеуден өтті. Бұл кешенде футболдан бөлек жеңіл және ауыр атлетика жарыстары өткізіледі. Стадион аумағы кең әрі көпфункционалды.
3. Барыс Арена
2015 жылы ашылған бұл кешен мұз айдынындағы спорт түрлеріне арналған. Мұнда хоккей, мәнерлеп сырғанау және басқа да қысқы спорт жарыстары өтеді. Сыйымдылығы шамамен 12 000 көрермен.
Аймақтық спорт нысандары:
1. Оқжетпес стадионы
1955 жылы ашылған. Алғашқы атауы — “Торпедо”. 2004 жылы қайта жаңғыртылып, қазіргі атауын алды. Сыйымдылығы шамамен 4 500 орын.
2. Тараз Орталық стадионы
1976 жылы салынған. Кеңес дәуірінде “Химик” атауымен белгілі болды. Бұл стадионда 2004 және 2007 жылдары Қазақстан Кубогының финалдық матчтары өткен.
3. Қостанай Орталық стадионы
1964 жылы ашылған. Алғашқы ресми матч 1967 жылы өтті. 2002 және 2017 жылдары жаңартудан өткен. Сыйымдылығы шамамен 9 500 көрермен. Екі трибунадан (батыс және шығыс) тұрады.
4. «Түркістан Арена» стадионы, Түркістан қаласы
«Түркістан Арена» — Қазақстанның Түркістан қаласында орналасқан заманауи көпфункционалды стадион. Сыйымдылығы — 7 000 көрермен. Нысан 2020 жылдың 30 тамызында пайдалануға берілді. Бұл стадион — «Тұран» футбол клубының негізгі үй аренасы.
Алғашқы ойын 2020 жылдың 27 қазанында 2007–2008 жылы туған жасөспірімдер арасында өтті.
Стадион кешені тек футболмен шектелмейді. Мұнда әртүрлі спорт түрлеріне арналған толық жабдықталған залдар бар. Атап айтқанда:
-
акробатика
-
бокс
-
ауыр атлетика
-
гимнастика
-
йога
Сонымен қатар, кешен құрамына футбол алаңы мен жеңіл атлетикаға арналған жабық манеж кіреді. Бұл база Самұрық-Қазына акционерлік қоғамының қолдауымен салынған.
2022 жылы стадионға UEFA тарапынан 3 халықаралық категория берілді.
2021 жылдың наурыз айында бұл аренада Қазақстан футболынан Суперкубок матчтары өткізілді.
5. «Қайсар-Арена» Қызылорда қаласы
2022 жылы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Мәлібаевтың тапсырмасымен, «Қайсар-Арена» стадионының капсуласы салынып, алғашқы қабырғасы құйылды. Бұл рәсімге сол кездегі Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген қатысты. Кейін, 2025 жылдың соңына қарай стадион салынып, жасанды алаң төселінгеніне қарамастан УЕФА 4 категориясын алды. Стадион 11 000 көрерменді сыйдыра алады. Одан бөлек, 238 қарапайым, 40 VIP және тағы бірнеше автобус тұрағы орналасқан.
Стадионның алғашқы ойыны «Қазақстан кубогының» финалы аясында «Ордабасы» — «Тобыл» клубтарының арасында өтті.
Қорытынды:
Осындай спорттық нысандар Қазақстанда спорт инфрақұрылымының жүйелі түрде дамып келе жатқанын көрсетеді. Стадиондар тек ірі қалаларда ғана емес, аймақтарда да салынып, халықтың спортпен шұғылдануына мүмкіндік беріп отыр.
Аймақтық ареналар Астана мен Алматыдағы ірі кешендермен салыстырғанда шағын болғанымен, жергілікті тұрғындар үшін маңызы өте зор.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы:
Садырбекова Райхан
