YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратБірінші лигаЖаңалықтарФутбол

«Шахтер» жаңа маусымға жаңарған құраммен қадам басты

26 наурыз күні қарағандылық «Шахтер» футбол клубының жаңартылған құрамы Серік Сәпиев атындағы бокс орталығы алаңында ресми түрде таныстырылды, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

Іс-шараға 800-ге жуық жанкүйер, БАҚ өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Кеш пиксельді шоумен басталып, жаңа ойын формасының таныстырылымымен жалғасты. Заманауи үлгіде жасалған жаңа жейделер клубтың дәстүрлі түстерін сақтаған.

Сахнаға футболшылар, бапкерлер штабы және клуб қызметкерлері шығып, жанкүйерлермен таныстырылды. Спорт директоры Арсен Іңкәрбеков пен команда капитаны Игорь Шацкий алдағы маусымға дайындық туралы айтып, жанкүйерлер қолдауының маңызын атап өтті.

Клуб ардагерлері Пётр Асылбаев, Андрей Финонченко және Айдос Тәттібаевқа құрмет көрсетіліп, олар Даңқ залына енгізілді.

Freedom Holding Corp. бас директоры Тимур Турлов клубтың жаңа даму бағытын таныстырып, басты назар жергілікті жастарға берілетінін жеткізді.

Кеш концерттік бағдарламамен қорытындыланып, жанкүйерлер футболшылармен жүздесіп, автограф-сессияға қатысты.

Аталған іс-шара клуб пен жанкүйерлер арасындағы байланысты нығайтып, жаңа маусым алдында оң атмосфера қалыптастырды.

Ұқсас мақалалар

Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар Лигасының элиталық кезеңінде жеңіске жетті

Данияр Әділбек: Команданың бұл маусымды әдемі аяқтағысы келетіні анық

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар Лигасында тарихқа енді