YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Дзюдо

Дзюдо – жекпе-жек өнері және спорт түрі

Дзюдо

Дзюдо — Жапонияда пайда болған жекпе-жек өнері әрі олимпиадалық спорт түрі. Ол 1882 жылы жапон педагогы Дзигоро Кано тарапынан құрылған. Дзюдо дәстүрлі дзюдзюцу негізінде дамытылып, қауіпсіз әрі жүйеленген спорт ретінде қалыптасты.

“Дзюдо” сөзі “жұмсақ жол” деген мағынаны білдіреді. Бұл спорттың басты қағидасы — қарсыластың күшін өзіне қарсы пайдалану. Сондықтан дзюдо тек күшке емес, техника мен тепе-теңдікке негізделеді.

Жекпе-жек арнайы татами үстінде өтеді. Спортшылар “дзюдоги” деп аталатын арнайы киім киеді. Күрестің негізгі мақсаты — қарсыласын иппон арқылы жеңу. Иппон қарсыласты таза әрі толық лақтырғанда немесе оны 20 секунд бойы ұстап тұрған жағдайда беріледі.

Сонымен қатар, дзюдода “ваза-ари” деп аталатын жартылай ұпай бар. Екі ваза-ари бір иппонға теңестіріледі.

Дзюдо арсеналында 60-тан астам лақтыру әдісі және 30-ға жуық партер әдісі қолданылады. Жекпе-жек уақыты ерлер мен әйелдер үшін 4 минутты құрайды.

Спортшылар салмақ дәрежелері бойынша жарысады. Ерлер арасында 7 салмақ дәрежесі (60 кг-нан +100 кг-ға дейін), әйелдер арасында да 7 салмақ дәрежесі (48 кг-нан +78 кг-ға дейін) бар.

Дзюдо 1964 жылы Токио Олимпиадасы бағдарламасына енгізілді. Қазіргі таңда бұл спорт түрі 200-ден астам елде дамыған және 40 миллионнан астам адам айналысады.

Дзюдо адамның дене күшін, төзімділігін және икемділігін дамытады. Сонымен қатар ол тәртіпке, сабырлылыққа және жылдам шешім қабылдауға үйретеді.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Мейрман Нұрдария 15 лек

Ұқсас мақалалар

Астанада пара дзюдодан Gran prix турнирі өтеді

Жеңіліс арқылы жеткен жеңіс: Елдос Сметов феномені

Redaktor Yersport

Шерзод Давлатов Гран-при турнирінде жеңіске жетті

Redaktor Yersport